
Алматы қаласы «Түркі халықтары мәдени қоры» Қоғамдық Қоры, «Бастама жастар орталығы» Қоғамдық Қоры 2015 жылдың 8 сәүір күні, «Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз» атты жалпы халықтық мерекені атап өткізбек.
Аталмыш іс-шараға қор мүшелері, Алматы қалалық оқушылар сарайының оқытушылары мен жоғарғы оқу орындарының студенттері, әр түрлі ұлыс өкілдерінің мәдени орталықтарынан, әкімшіліктерден, елшіліктерден құрметті қонақтар шақырылып отыр. Шақырылған қонақтар ішінде Қырғызстан мәдени орталықтырынан өкілдері қатыспақ. Бағдарламада Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлыстардың өнерлері тамашаланады. Сіздерден «Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз» мерекесіне арналған шараға атсалысып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз.Ортақ игілікке қолдау көрсетеді деген ниетпен алдын - ала алғысымызды білдіреміз.
Түркі халықтары мәдени қорының президенті,
«Түркі Әлемі» газетінің бас редакторы - Ахмет Дағдуран
Өтетін күні: 8.04.2015 сағат 12.00 де.
Мекенжайы: Қарасай батыр (Виноградова) к. 85, Сейфуллин д-лы қиылысы «Демократия үйі» алдында
Байланыс тел: 8(727)272-47-50. 266-28-96. 272-47-88
|