19-20 қараша күндері «Ақпаратты- ресурстық орталық» Қоғамдық Бірлестігі «Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін қазіргі ұйымды басқару және дамыту технологияларына үйретуге байланысты оқыту іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» тақырыбында жаттықтыру- семинар өтті. Семинардың тақырыбы: «Ұйымды басқару саласында қолданылатын әлеуметтік маркетинг және инновациялық ақпаратты технологияларымен таныстыру».Семинар – тренингтің бірінші күні Алматы қалалық баспасөз орталығында өткен болатын. «Ақпаратты- ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры Көбеева Алтынай Орманқалиқызы жаттықтыру семинардың басты мақсатымен таныстырды. Қатысушылар Ұлттық мәдениет орталықтар директорлары және ҮЕҰ басшылары . Сонымен қатар сөз кезегінде «Азаматтық Бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Рязанова Людмила Михайловна ҮЕҰ қызметінің тиімді өсуіне әсер етуші факторларды анықтау және зерттеу, ҮЕҰ даму мәселелері жөніндегі көкейтесті тақырыптар қозғады. Жиын 20 қараша күні жалғастырылды. Семинар өте қызықты, талғамды, тартымды өтті. Жиналған қауым көкейінде жүрген сұрақтарды ортаға салып жауап алып, пікір алмасты. Тақырып мазмұны Үкіметтік емес ұйымдары үшін әдістемелік көмек болды.
Батима Қабдолдаева
|