2010 жылы 6 қазанда сағат 9.00-де Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның концерт залында Алматы қаласының Әкімі А.Есімовтің қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың VІ Форумы өтеді. Форум жұмысы барысында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әріптестік қатынастардың өзекті мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, Алматы қаласы үкіметтік емес ұйымдары жүзеге асырған үздік әлеуметтік жобалардың көрмесі ұйымдастырылады.
Форум жұмысына қатысуға Алматы қаласының барлық үкіметтік емес ұйымдарын шақырамыз.
Қосымша ақпарат телефоны: 272 14 07
|