Главная
  Информация о нас
  Контакты
  Проекты
Совет НПО
  База данных НПО

 База данных НПО по регионам
 База данных НПО по направлениям
 Библиотека

 Электронный бюллетень
 Методические пособия
 Справочники
 Инфо.ресурсы

 Соц. исследования
 Мониторинг
 Тренинги


  Форум
  Публикации
  Фотоальбомы
  Конкурсы
  Правовая база
  Отчеты
  Семинары
  Резюме/Вакансии

 Презентации






Голосование
Пользовались ли вы услугами НПО ?
Всего ответов: 303







Баннер
Пока пусто


Главная » 2010 » Май » 31 » «Атамекенім-Қазақстан» атты байқау
19:12
«Атамекенім-Қазақстан» атты байқау
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік қазақ студенттердің «Атамекенім-Қазақстан» атты байқауын өткізбек.

                                                            Баспасөз баяны 

  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік қазақ студенттердің «Атамекенім-Қазақстан» атты байқауын өткізбек.
  Байқау 2010 жылдың 03 маусымы күні сағат 15-00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің (Масанчи мен Бөгенбай көшесінің қиылысы) акт залында өтеді.  
  Шараға қонақ ретінде әйгілі өнер жұлдыздары, ақын-жазушылар, шетелдік елшілік өкілдері қатысады. 
  Халықаралық «Жанашыр» қоры «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына – 20 шара» атты Жобаны жүзеге асыруды қолға алып отыр. Мақсат – Қазақстан тәуелсіздігінің нәтижесінде мүмкін болған жетістіктерімізді паш ету. Осы жобаның аясындағы шаралардың алғашқыларының бірі - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесе отырып өткізгелі отырған -- «Атамекенім – Қазақстан!» атты шетелдік қазақ жастарының байқауы.
  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті 1985 жылдан бастап жұмыс істейді. 2001 жылдан бастап қазақ диаспорасы өкілдері білім алуда. Мұнда 12 мемлекеттен келген қазақ жастары білім алып шықты. 
  «Атамекенім – Қазақстан!» байқауына қатысып отырған жастар – факультеттің биылғы жылғы түлектері. Дайындық факультетінде бір жыл білім алған түлектердің, игерген білімін, үйренген салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл секілді қазақ ұрпағына қажет қасиеттерді қаншалықты бойына сіңіре білгенін бағамдау.
  Бұл байқау - Қазақстанға келіп білім алып жатқан шетелдік қазақ жастарының бойында атамекенге деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін оятуға, қазақ ұлтының салт-дәстүрін, ән-күйін, әдеби шығармашылығын дамытуға бағытталған. 
  Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
• Қазақстанға келіп білім алып жатқан шетелдік қазақ жастарының бойында атамекенге деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін ояту;
• Шетелдік қазақ жастарын қазақ ұлтының салт-дәстүрін, ән-күйін білуге баулу;
• Шетелдік қазақ жастарының әдеби шығармашылығын дамыту;
• Шетелдік қазақ жастарын Қазақтың мәдениетін, әдебиетін, салт-дәстүрін, ән-күйін, биін өздері тұрған жерде таныстырып, насихаттай алатын деңгейге жеткізу.
• Шетелдік қазақ жастарының өнерін, талантын көтермелеу, қолдау.

Байқаудың бағдарламасы
1. Өзін таныстыру. (Түп тамыры қазақ екенін, келген елін таныстыру.)
2. Өнерін ортаға салу (ән айту, өлең оқу, би билеу, т.б)
3. Білім-білігін көрсету. (Қазақстан тарихы, салт-дәстүр, мақал-мәтелдерге қатысты үш сұраққа жауап беру).
Байқауға қатысушылар:
  ҚазҰУ – дың дайындық факультетінде алыс және жақын шетелдерден келіп білім алып жатқан қазақ жастары қатысады. (9 елдің өкілі – 12 адам). Франция– Толға Түркөз, Сауд Аравиясы –Харун Мухаммед Ибрахим Худаяр, Иран – Салиха Перамун, Түркия – Фатих Шетинкая, Моңғолия – Жайна Әкімқызы, Қытай халық республикасы – Айдос Амантай, Гүлнар Әділбек, Ділмұрат Бұдық, Шалқар Әбілқайырұлы, Өзбекстан – Айдана Серікбаева, Түркменстан– Аия Соегова, Ресей – Жанар Шынашева

Жүлдегерлерді анықтау:
  Жүлдегерлерді қазылар алқасы белгілейді. 
Қазылар алқасының төрағасы: Исраил Сапарбай, ақын, «Тарлан»сыйлығының иегері,
Мүшелері:
Серік Қапшықбай, жазушы, ҚХР мемлекеттік сыйлығының иегері;
Оразақын Асқар, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері, қазақ салт дәстүрінің білгірі;
Жазира Тұманбайқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дайындық факультетінің деканы;
Байғали Есенәлиев, актер, әнші, «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның мәдениет қайраткері;
Шөмішбай Сариев, ақын, Франс Капка атындағы сыйлықтың иегері;
Ботагөз Уатқан, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас маманы.

  Қазылар алқасы байқау бағдарламасы бойынша өнер көрсеткен әрбір қатысушыға 1-ден 10-ға дейінгі ұпай санын қою арқылы бағалайды. 
• Бірінші орын -1- телевизор және диплом
• Екінші орын- 2 – қысқа толқынды пеш және диплом
• Үшінші орын -3 – DVD плеер және диплом.
• Қалған қатысушыларға - ынталандыру сыйлығы мен диплом.

Шара барысында қазақтың белгілі ақындары мен жазушылар өз кітаптарын қолтаңбаларымен кешке қатысушы шетелдік жастарға тапсыратын болады.
  Сондай-ақ, кеште белгілі өнер шеберлері – Мақпал Жүнісова, Жанар Айжанова, Байғали Есенәлиев, Естай Әлікеев, Роза Әлхожа, «Денар» тобы, «Сұлтан» ән-би ансамблі, Ермұрат Зейіпхан, Тұрсынбек Кешубай, Мұқаш Таңғыт, Ерғали Захан, Ербол Әбен, Тілеубек Қожан, Еламан Керімұлы және т.б. өнер көрсетеді.

  Келем деушілерге есік ашық. 
 
БАҚ өкілдерін шараны жазып, жариялауға шақырамыз.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
 1. Алматы қаласы, Абай даңғылы – 143-үй (Гагарин көшесімен қиылысы,«Баспалар үйі»), 419-кеңсе. Телефон/факс: 395-51-84, 394-41-23: 
 Электронды адрес: shalkar@topmail.kz; aylakoja@mail.ru; aikosha_86@bk.ru

2. Алматы қаласы, Әл-Фараби №71,ГУК-8.
Телефон: 377-34-29: Сот:8-7017600326;
Электронды адрес: zhazira_25_5_62@mail.ru; gulshara_2009@mail.ru; enlik_alimzhan@mail.ru 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 
Шетел азаматтарына арналған дайындық факультеті.





Просмотров: 1553 | Добавил: Aset
Авторизация

Привет: Гость

.

Гость, мы рады вас видеть. Пожалуйста зарегистрируйтесь или авторизуйтесь!



Поиск



Категории

 

Тэги

1






Используются технологии uCoz

Design by SlotterProd.
Информационно-ресурсный центр © 2026
>