Главная
  Информация о нас
  Контакты
  Проекты
Совет НПО
  База данных НПО

 База данных НПО по регионам
 База данных НПО по направлениям
 Библиотека

 Электронный бюллетень
 Методические пособия
 Справочники
 Инфо.ресурсы

 Соц. исследования
 Мониторинг
 Тренинги


  Форум
  Публикации
  Фотоальбомы
  Конкурсы
  Правовая база
  Отчеты
  Семинары
  Резюме/Вакансии

 Презентации






Голосование
Пользовались ли вы услугами НПО ?
Всего ответов: 300







Баннер
Пока пусто


Главная » 2015 » Апрель » 29 » Алматы қаласының жергілікті атқарушы орган басшылары тыңдалды
16:51
Алматы қаласының жергілікті атқарушы орган басшылары тыңдалды

Алматы қаласының жергілікті атқарушы орган басшылары тыңдалды

29.04.2015

Қазақстан Республикасы Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді . Қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті атқарушы орган басшыларының баяндамаларын тындап,  шешімін таппаған мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму Басқармасының басшысы Альфия Балова аталмыш орган тарапынан көрсетілетін 13 мемлекеттік қызметтің 9-ы электронды нұсқаға өткенін атап өтті. Бұл орайда, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары-Қоғамдық кеңес Төрағасының орынбасары Дархан Елтоков кәсіпкерлікті қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым міндеттерінің қатарында екенін атап өтті. «2014 жылы шаһарда кәсіпкерлікті дамытуға жауапты қалалық әкімдіктің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты 3 қылмыстың жасалғаны анықталды. Аталған қылмыстық істер пара алу және қызметтік бабын асыра пайдалану фактілері бойынша тіркелген»,-деді Дархан Елтоков.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері электрондық сайтта мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпараттың орналастырылмағандығы үшін Автомобиль жолдары басқармасының басшысына ескерту айтты. Оған қоса, Қоғамдық кеңес мүшелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларының тиісті дәрежеде атқарылып жатқан жоқ екендігін де айтып өтті.

Құрылыс Басқармасының басшысы алдын алу шараларының жоғары дәрежеде жүргізіліп жатқандығы туралы баяндама жасады. Дегенмен, Басқарма басшысына қызметкерлерінің атқарылған жұмыс актісіне қол қою барысында қызметтік жалғандыққа барғаны үшін 2014 жылы бір қылмыстық істің тіркелгендігі туралы айтылды. Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсап қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін  сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. Бұдан бөлек, Алматы қаласының кәсіпкерлер қауымдастығының Президенті Виктор Ямбаев Құрылыс Басқармасы басшысының назарын көпқабатты үйлердің бірінші қабатында бизнеспен айналысу мәселесіне аударды. «Көпқабатты үйлердің бірінші қабаттарын қайта құрастырудың біріңғай жобаларының жоқтығынан тиісті құжаттарды рәсімдеу кезінде мемлекеттік қызметкер мен кәсіпкердің арасында жемқорлық фактісінің орын алуы мүмкін. Бұл, өз кезегінде, ғимараттың сейсмотұрақтылығына кері әсер етпей қоймайды. Осындай әкімшілік рәсімдер үшін біріңғай стандарттар әзірлеп шығару қажет»,-деді Виктор Ямбаев.

Отырыстың қорытындылары бойынша, Қоғамдық кеңес Төрағасы Станислав Конкуров сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты айтылған ұсыныстардың барлығы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және әкімдіктің тиісті басқармаларына жіберілетінін айтты. 

 

Просмотров: 145 | Добавил: Aset | Теги: Дархан Елтоков, Кәсіпкерлік және индустриалды-иннов
Авторизация

Привет: Гость

Форма входа
Логин:
Пароль:

.

Гость, мы рады вас видеть. Пожалуйста зарегистрируйтесь или авторизуйтесь!



Поиск



Категории

 

Тэги

1






Используются технологии uCoz

Design by SlotterProd.
Информационно-ресурсный центр © 2017
>